Поделись с друзьями
Сайт учителя информатики
Лозинского Дмитрия Болеславовича
Вторник, 14.05.2024, 13:30
Сайттың тараулары/
Меню сайта
Тараудың санаттары/
Категории раздела
Мои статьи [35]
E-mail:
Пароль:
Іздеу/Поиск
Форма входа
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Статьи » Мои статьи

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
[i][u]БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

НУРМУХАМБЕТОВА кЫМБАТ мЕЙРАМБЕКОВНА

Халқымыздың жалпы мәдениет деңгейін жоғары сатыға көтерудің және балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бірден-бір тиімді жолы көркем өнер болып табылады. Эстетикалық тәрбиеде көркем өнерге ерекше орын беріледі. Ол толғанта және қуанта отырып, балалар алдында өмір құбылыстарының мәнін ашады. Оларды қоршаған ортаға үңіле қарауға мәжбүр етеді. Әсемдіктің әсер ықпалын бастан кешіруге, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелейді. Баланың көркемдік дамуы ойдағыдай болу үшін тәрбиеші оның жасына сәйкес , іс-әрекеттерінің түрлерін дұрыс пайдалана білуі қажет. Көркемдік тәрбие әдістемелік негізіне, балалардың жас ерекшеліктеріне сай бейнелеу іс-әрекетін үйретудің әдістемесін және жалпы міндеттеріне сәйкес нақтылы қойылатын талаптарды анықтап алу қажет. Бейнелеу өнерінің түрлері жайында жас ерекшелігіне сәйкес алғашқы түсініктер беріп, қылқалам шеберлерінің туындыарымен таныстыру арқылы, көркем өнерге қызығушылыққа тәрбиелеуге болады. Суретін салатын немесе мүсіндейтін затты құбылысты бақылату, түр-түсі, көлем, пішіні жайында мағлұмат беріп, оны зердеде сақтай білу дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Тәрбиеші бейнелеу сабақтарында ауызша баяндау, сұрақ-жауап, өткенді қайталау, бекіту жұмыстарынан кейін жаңа сабақты түсіндіру, үлгіні талдау, көрсету, бейнелеу іс-әрекетіне бейнелеудің әр түрлі тәсілдерін тақырыпқа сәйкес таңдап, жалпылама нұсқау беріп іс-әрекетке бағыттайды.Көркемөнер туындыларын әңгімелеуді сабақтың мақсатына сәйкес кіріспе негізгі бөлімде пайдалануға болады.
Балалар іс-әрекетке кіріскеннен кейін басшылық жасап, жеке нұсқаулар беріп көмек көрсетіледі. Әр баланың бейнелеу іс-әрекетіне қабілеттілігін ескере отырып бағыт беріледі. [1, 27 б.].
Дайын болған жұмыстардың бірнешеуін алып тақтаға іліп. балалардың назарын аудара бастайды. Қалған балалардың да жұмыстарын аяқтау талап етіліп, еңбек нәтижесін балалармен бірлесіп талдау жасайды.
Бағдарлама бойынша көркемдік іс-әрекетті ұйымдастыруда тәрбиешілерге қойылатын талаптар:
Тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін нақты айқындап алу.
Мақсатына жетудегі қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді алдын-ала
анықтау.

Баланың айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін қабылдауы, оның жақсы қасиеттері мен заттың жалпы бейнесі туралы түсініктері негізінде қиялдау қабілеті , мінез-құлық ерекшеліктері, бояулардың, сызықтардың әсерлігін игеруі, сурет салуы, мүсіндеуде, жапсыру мен құрастыруда ойлағандарын нақтылы түрде бейнелеуге бейімдейді. Соған сәйкес бала бейнелеу іс-әрекетімен шұғылданып отырғанда оған кедергі жасауға, көңілін алаңдатуға болмайды. Ал белгіленген уақытта шаршағандық сезілсе, бой сергіту сәтін өткізу тиімді. Бірақ, өткізілетін сергіту сәті іс-әрекеттен, мазмұннан, сабақ тақырыбынан алшақ болмау керек. Керісінше, айналасып отырған істі бекітетін, тиянақтайтын, қайталап еске түсіретін, қимыл-қозғалыс жасау арқылы денесін қол, аяқ, саусақ-бұлшық еттерін икемге келтіру барысында баланың бастапқы аты бұзылмай, бастаған жұмысты аяғына дейін аяқтап шығуға көмегін тигізетіндей жағдайда өткізген жөн. Сабақ тақырыптарына сәйкес ерікті тақырыпта сурет салуда қолданатын бой сергіту сәттеріне арналған жаттығулар.
Ал балалар тұрайық,

Республикадағы бейнелеу өнерінің тақырыбы, мазмұны, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен тұрмыстың жанданған, дүние тірегі болатын табиғатпен үйлесімділігін қалыптастыратын және адамның шығармашылық жігерін нығайту болып табылады. [2, 17-18 б.]
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.
«Шығармашылық» дегеніміз, «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді.
Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек.
Көрнекі психолог Л.С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын
әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі
Я.А. Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды.
Өйткені әрбір жаңалық ,әсіресе интелектуальдық тұрғыда болса , ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу,оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орынын табуға көмектеседі. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. [3, 6-7 б.]
Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың
назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. бұл әректтер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық
педагогикасының негізгі мақсаты- бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен шешімдер іздестіру болып табылады.

Әдебиеттер:
1.Жарықбаев Қ. Мектепке дейінгі педагогика.
2. Балабақшада бейнелеу өнері арқылы шығармашыл тұлға қалыптастыру. Бала мен балабақша. 2010ж. 17-18бет.
3.Балаларды бейнелеу өнеріне үйретудің маңызы. бала мен балабақша. 2013ж.6-7бет.
Категория: Мои статьи | Добавил: BATY (14.06.2016) | Автор: НУРМУХАМБЕТОВА КЫМБАТ МЕЙРАМБЕКОВН
Просмотров: 2197 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Лозинский Д.Б. © 2024
Конструктор сайтов - uCoz