Поделись с друзьями
Сайт учителя информатики
Лозинского Дмитрия Болеславовича
Вторник, 14.05.2024, 09:57
Сайттың тараулары/
Меню сайта
Тараудың санаттары/
Категории раздела
Мои статьи [35]
E-mail:
Пароль:
Іздеу/Поиск
Форма входа
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Статьи » Мои статьи

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ
ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ

Сариева Салтанат Сергейқызы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы А.Бисенов атындағы №38 орта мектеп

Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты адамды қоғамның ең негізгі құндылық ретінде тану, оның ұлттық дүние – танымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының рухани жан – дүниесінің байуына, шығармашылық, еркінділігі мен белсенділігін кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. ХХІ ғасырдың іскер азаматы – бәсекеге қабілетті ой - өрісі кең, жан – дүниесі бай, адаммен дұрыс қарым – қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санаса алатын, кез келген нәрсені істеп шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда өз орны бар, іскер, жеке тұлға деп білуіміз керек.
Мұғалім – мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы, әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі- ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп ұсынады.
Тұлғаның тірек құзырлылықтарының бірі ретінде танылып отырған коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру оның тілдік білімін тереңдетумен қатар сөйлеу біліктілігін де жетілдіреді.
Тіл – құрылымдық жүйе, ал сөйлеу – оның сыртқы көрінісі. Белгілі бір тілді меңгеру -сол тіл, тілдің құрылымдық жүйесін меңгеру болып табылады.
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақтың абыройын күллі әлемге асқақтатып, елімізді өркениет елдерінің әлемдік деңгейіне шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым – қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі таңда оқушылардың шет тіліне қығызушылықтарын арттырып, білімге деген құштарлықтарын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың шетел тілін білуі – заман талабы.
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.Осындай жаңа әдістердің бірі «Диалог арқылы оқыту» болып табылады.
Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым – қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылыған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету – оқушыларды қызықтырады.
Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой – пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал болып табылады.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті [МАН, 38 – бет].
Мұғалімнің міндеті - оқушының білімін толықтыру, байыту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқарас тұрғысынан оқушылармен диалогқа түсу деп санайды Бразилиялық педагог Фриери (2007 ред. 43 - б). Мұғалімдер мен оқушылардың бір – бірімен сөйлесуі, ұялмай ескертулерді айтуы, өз пікірлерін қысылмай білдіріп, пікір алмасу сыныпта диалогтік қарым – қатынасты тудырады.
Менің ойымша сабақ үстінде оқушыларға бір – бірімен сөйлесуге мүмкіндік берілсе, олар бір – біріне ойларын айтып және пікір алмасу барысында өз пікірлерін негіздеуге мүмкіндік алады.
Егер біз сабақты оқушыларға сұрақ қоюмен бастасақ, онда оқушыларда сұраққа жүйелі түрде жауап беру дағдылары қалыптасады. Мен сабақтың кіріспе бөлімінде кезекшіге сұрақ қою арқылы сыныпта диалог орнатамын.
T: Who is on duty today?
P: I’m on duty today.
T: Who is absent?
P: All are present.
T: What date is it today.
P: It is the 10th of September.
T: What day is today?
P: Today is Monday.
T: What season is it now?
P: It is autumn.
T: What is the weather like today?
P: Today is warm.
Мен мектепте жаңаша оқыту жүйесімен 9 – сыныпқа сабақ өткізіп жүрмін. Әрбір сабағымды диалогтік сұрақтар арқылы оқушылардың білім деңгейін бақылаудан бастаймын. Сабақ барысында қойылған сұрақтар:

1 2 3 4
1. How did you spend your summer holiday?
2. Did you have any health problems during your holiday?
1. Do you have a story about your own body?
2. What kind of problems did you have?
3. What happened to it?
4. What the result was?
1. How long have you been using this book?
2. How long have you been leaning English?
3. How long have you been sitting in this room?
1. Have you ever been on a diet?
2. Do you avoid fat food?
3. Do you have a lot of salt with your food?
4. Do you take vitamin?
5. Do you eat between meals?

Бұл сұрақтарға оқушылар жеке жауап берді және сұраққа жауап беру кезінде белсенділік танытып отырды. Диалогтік сөйлесуге үйрету оқушылардың әңгіме жүргізе білу қабілетін жетілдіре түседі.
Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушы бірлесіп үйретуде, кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауға, ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады.
Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жағдайлар еске ұсталынғанына көзіміз жетті:
1) оқушылар бір- біріне бірдей бағынышта, сыйластықта болды;
2) жауапкершіліктері артты;
3) топқа бөлгенде оқушылардың ойлау мумкіндік жағдайлары ескерілді;
4) топқа барлық мүшелерінің бір- бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, кезектесіп, сөйлеу дағдылары қалыптасады;
5) мұғалімнің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркіндігі тең дәрежеде болды;
6) топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі шыңдалды;
7) оқушының ең алдымен есте ұстау қабілеті жоғарылады;
8) жиі- жиі ат талқысып жасау және терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дамыды;
9) жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанды;
10)бір- біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермеледі;
11) оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктерін беретін ортада оқушы өз пікірлерін білімдерін, бар жігерін жеткізді.
Осындай сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өз тізгіндеріне беріп, үлкен жауапкершілікті сезінтеді.
Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл- оқу үрдісіндегі қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы деп санаймын.
Диалог-екі жақты құбылыс. Қарым-қатынаста көзделетін мақсатқа орай диалогтың өзіндік әртүрлі ерекшіліктері болады:
- күнделікті тұрмысқа байланыстылығы;
- ресми қарым-қатынасқа құрылуы;
- ым-ишараттың, дене қимылының белсенділігі;
- эмоционалды-экспрессивтілігі, әсерлілігі;
- сөйлемдердің ықшамдалуы;
- сөйлейтін сөздің алдын-ала жоспарланбауы;
- ауыз-екі стилінің ерекшеліктерінің басым болуы.
- Оқу бағдарламасында коммуникативтік құзырет деңгейіндегі диалогқа қойылатын талаптар тұрғысынан белгіленгені:
- сөйлеу мәдениетін игеру, өзінің сөзін, ойын жалғастыра алу.
Диалог репликалардан құралады, оның бәрі –сөйлеуге уәж жасайтыны, екіншісі-жауап ретіндегі реакция-реплика. Диалогта ой ауысып отыратыны белгілі, сондықтан әңгімелесушілер –бір-бірімен ақпарат ауысып отырады. Алғашқы сөйлеуші әңгіменің басталуына түрткі болады, адресатты әңгімелесуге шақырады (сұрайды, бұйырады, келіседі, келіспейді, өтінеді т.б.)
Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б. қателер диалогта кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтің дұрыс құрылуына баса мән беріледі.
Күнделікті сабақта жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолданамын. Осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырамын. Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады.
Диалогтік әдісті қолдана отырып оқушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырамын. Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын. Біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземін.
Маған қиындық тудырып жүргені мәтінді оқығаннан кейін оқушылар сол мәтін бойынша бір – біріне сұрақтар қоя алмауы. Өйткені мен дәстүрлі сабақ кезінде кітаптағы сұрақтарға ғана жауап беруді сұрайтынмын. Сондықтан мен оқушыларға сыни тұрғыдан ойланып жауап беретін сұрақтар қоюға тырысамын. Мысалы, “Are you fit?” тақырыбындағы сабақта оқушыларға 1. What helps you to indicate the countries? 2. What reasons are given for taking exercises? What other reasons can you think of? 3. Which country do you think has the healthiest attitude to exercise and which has the least healthy attitude? деген сұрақтар қойып, оқушыларға жауап беруге 2 – 3 минут ойлануға уақыт бердім. Сол кезде де оқушылар жауап беруге қиналып , өз ойларын анық жеткізе алмады.
Білім беру мен білім алу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, оқушымен мұғалімнің арасындағы байланыстың негізгі құралы бұл- диалог екенін меңзейді. Яғни, осы диалог сабақ барысында тиімді қолданылса, оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жан-жақты, еркін айтуына, дамуына көмектеседі.
Сабақ барысында оқушы мен оқушы арасында диалог болғаны оқушының білімінің тереңдеуіне көп септігін тигізеді. Көбінесе зерттеушілік әңгімеде көрінеді. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. [МАН, 40-бет].
Сөз жасам тақырыбын түсіндіргеннен кейін оқушылар бір – біріне сөз жасамды пайдалана отырып сұрақтар қойды. Бұл тәсіл ойын арқылы көрініс тапты. Бір оқушы допты екінші оқушыға сұрақ қойып лақтырады, ал екінші оқушы сол сұраққа жауап беріп қайта бірінші оқушыға лақтырады.
Тілдік міндет пен жағдаятқа сәйкес оқушылардың еркін түрде тілдік қарым-қатынастарын дамытуда рөлдік ойынның алатын орны ерекше деп есептеймін.
Маған ұнағаны осы кезде бірде – бір бала сабақтан тыс қалмай қатысады және мен сыныптастарымнан сұхбат алдым деп олардың жауаптарын баяндайды.
Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады [МАН, 39- бет].
Мысалы, мен “Health habits” деген сабақта оқушыларға мынадай сұрақтар қойдым. “What do you think about your healtha?”, “Is your health good or ,bad?” Оқушылар бұл сұрақтарға жұптасып жауап беріп, өз жауаптарын талқылады.
Маған ұнағаны осы сұрақтарға жауап іздегенде оқушылардың бір – біріне басқа да сұрақтар қоюы туындап жатты.
Дегенмен де кейбір оқушылар сұрақ қоюға қиналып жатты.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсартады және кеңейте алады [МАН, 40 бет].
Білім беруді диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
Білімге құштарлықты арттырады және зерттеуге ынталандырады;
Оқушыларға білім қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;
Оқушылардың бір – бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
Әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс – әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;
Білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.
[МАН, 41- бет].
Ағылшын тілінде қарым – қатынасты жақсарту мақсатында сұрақтарды тиімді пайдаланатын мұғалім қорында түрлі типтегі сұрақтар болады және ол мұғалім дәл қай кезде қандай сұрақты қою керек екенін жақсы біледі. Ch. Bonwel мен L. Edison өздерінің “Active learning: Greeting Excitement in the classroom” деген мақалаларында сабақта сұрақтарды пайдаланудың әдістері жөнінде мынадай нұсқаулар мен кеңестер береді:
- Сұрақтарыңызды анық, нақтылы және түсінікті етіп қойыңыз. What did you learn from the read text? немесе What about the main character of the story? сияқты жалпылама сұрақтардан аулақ болыңыз. Қойған сұрағыңыз неғұрлым анық болса, соғұрлым нақты жауап ала аласыз;
- Сұрақтарыңыздың формасы мен мағынасы оқушылардың білім деңгейіне сай болуы керек, яғни олардың грамматикалық құрылымы да, лексикасы да таныс болуы тиіс. Сұрақты түсінбеген бала оған жауап та қайтара алмайды;
- Сұрақтарды логикалық бірізділікпен қойыңыз. Кездейсоқ немесе қалай болса солай қойылған сұрақ оқушыларды ыңғайсыздандырады, ал ойланып дұрыс қойылған сұрақ керісінше талқыланып отырған мәселені тереңірек түсінуге көмектеседі;
- Оқушыларға ертеректе алынған мәліметтерді еске түсіруге көмектесетін сұрақтар қоя отырып, талқыланып отырған мәселе бойынша пікірталасты жалғастыруға негіз жасаңыз;
- Оқушылардың жауабын көңіл қойып тыңдаңыз, неғұрлым тыңдасып, бағаланбаған жауап оқушының сөйлеуге деген ынтасын төмендетеді;
- Оқушыларға жауаптарын ойлануға уақыт беріңіз. Ең жақсысы – кішкене үзіліс жасау. Егер мұғалім қойылған сұрақтардан кейін 3-5 секундық үнсіздік сақтаса, жауап беруге ынтасы бар оқушылардың саны өседі, әрі жауаптардың сапасы көкейге қонатындай болады;
- Жұмысқа неғұрлым көп баланы тартатын сұрақтар мен әдістерді пайдаланыңыз. Тапсырманың күрделілігін баланың білім деңгейіне қарай шамалаңыз;
- Оқушыларды жауап беруге әрқашан ынталандырып отырыңыз.
Қалған сабақтарымда да диалогтық оқыту жүзеге асырылды, және алдағы уақытта да жүзеге асырылады. Сабақ барысында оқушылардың еркін сөйлей білуі жүзеге асырылса, оқушы өміріне алдағы уақытта өз ойын дұрыс, ашық айта білуіне мектеп қабырғасынан бастап дағдыланып, болашақта қиналмауына себепші болар еді дегім келеді.
Диалогтік сұхбаттасу мұғалімдерде де, оқушыларда да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс – қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.
Қорыта айтқанда жаңаша оқытуды пайлана отырып жүргізілген сабақтар ізденудің, бала мен мұғалім арасындағы қарым – қатынастың, ізгіліктің, шыншылдықтың дамуына оң пайдасын береді дегенмен, оқыту процесін сапалы етіп жүргізу әрбір ұстаздың басты міндеттері болып табылатыны анық. Сондықтан әрбір ұстаз жаңалықты жатырқамай қабылдап, үнемі шығармашылық ізденісте болу керек.



Әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналаған Нұсқаулық
2. Рогова Г. В. Методика обучение англискому языку. – Москва, 1975
3. Қазақстан мектептеріндегі ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы
4. Ағылшын тілі. Әдістемелік нұсқау.
5. Мектептегі шет тілі. – 2008 жыл. Алматы.
Категория: Мои статьи | Добавил: gafo_83 (15.10.2016) | Автор: Сариева Салтанат Сергеевна E
Просмотров: 992 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Лозинский Д.Б. © 2024
Конструктор сайтов - uCoz