Поделись с друзьями
Сайт учителя информатики
Лозинского Дмитрия Болеславовича
Вторник, 26.11.2024, 22:35
Сайттың тараулары/
Меню сайта
Тараудың санаттары/
Категории раздела
Мои статьи [35]
E-mail:
Пароль:
Іздеу/Поиск
Форма входа
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Статьи » Мои статьи

алтын куз
Тексерілді:______ Мерзімі : 25.10.2016ж сыныбы: 2 «Б» кабинет №33
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты: Балалардың күз мезгілінің байлықтарымен, ерекшеліктерімен танысуына
жағдай жасау. Күз туралы алған білімдерін бекіту. Оларды әсемдікке,
сұлулыққа тәрбиелей отырып, табиғатқа қамқор болуға баулу.
Өткізілу түрі: жарыс сабақ
Құрал-жабдықтары: көкөністер, жемістер, сурет көрмесі, слайд
Барысы:
Жүргізуші: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Құрметті қонақтар! Ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар. Бүгінгі «Алтын күз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша! Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген өз құрметімізді көрсетпекшіміз. «Алтын күз» мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар.
1-кезең . Топты таныстыру
2-кезең Білім – өмір шырағы білім сайысы
3-кезең . Өнерлі өрге жүзеді өнер сайысы
4-кезең. Ертегілер елінде көрініс көрсету сайысы
5-кезең. Әдемі киіне білу де – өнер. сән үлгісі сайысы
6-кезең Біз еңбекқор баламыз. қол еңбегі сайысы Осы кезеңдер бойынша әр топтың өнерін бағалайтын әділ-қазылармен таныс болыңыздар.
Ортаға екі топтың топбасшыларын шақырамын. Қайсыларың ребусты бірінші болып шешесіңдер, сол топ бірінші болып сайысты бастайды.

Біздің топ: Жемістер
Біз жеміспіз, жеміспіз,
Балдай тәтті жесеңіз.
Білімдіміз, өнерліміз
Бұл сайыста біз жеңеміз

Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме –
Ісіп кетер маңдайым.

Іші толған шәрбәт,
Дәмі сондай әйбат.
Үзесің бірден жүзін,
Менің атым - ЖҮЗІМ.

Сыртым қандай қатты,
Дәнім сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Менің атым - ЖАҢҒАҚ.

Дөп-дөңгелек сары,
Ішінде бар дәнім.
Қызығасың көріп,
Менің атым - ӨРІК.

Пісетін кезім дәл күзде,
Мезгілсіз оны сен үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмім
Менің атым - ШАБДАЛЫ.

Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Менің атым - ШИЕ.

Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Менің атым - ҚҰЛПЫНАЙ.

Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың,
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.



Біздің топ: Көкөністер

“Көкөніс” деген топпыз
Жеңілуге жоқпыз.
Өнер, білім елінде
Жарқыраған шоқпыз.


Асханадан шықпаймын,
Атым - пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз –
Сәбіздерміз жазықсыз.

Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім бар қанға - нәр.
Зияным жоқ біліп қой -
Қызылшамын, пайдам бар.

Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.

Көктеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым – қияр, теріп ал,
Жиі-жиі суғарып.

Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат-қабат киініп,
Қырыққабат атандым.

Картоп – біздің атамыз,
Жер астында жатамыз.
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.

Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған -
Балдай тәтті қауынмын.


2-кезең Білім – өмір шырағы Білім сайысына қатысатын оқушыларды шақырамыз.
Қай ұяшықты таңдайсың?
1-сұрақ
Дөп-дөңгелек дәмді қарбыз дәл ортасынан екіге бөлінген.Осы бөлінген қарбыздың жартысы неге өте қатты ұқсайды?
10-ұпай

2-сұрақ
Дүкенде 6 кг картоп сатылғаннан кейін, 9 кг картоп қалды. Дүкенде неше кг картоп болған еді?
10-ұпай

3-сұрақ
Үстел үстіндегі балықтардың үйі не деп аталады?
5-ұпай

4-сұрақ
Қайың ағашында 11 алма өсіп тұрды. Ермек 5 алманы үзіп алды. Неше алма қалды?
15-ұпай

4-сұрақ
Қайың ағашында 11 алма өсіп тұрды. Ермек 5 алманы үзіп алды. Неше алма қалды?
15-ұпай

6-сұрақ
Жазғандағы әріп саны мен нөмірлегендегі таңбасының аты бірдей болатын қай сан?
15-ұпай
Ата-аналарға арналған тапсырмалар:

Бір буында - кәріңмін,
Екіншіде - нәріңмін.
Қосылғанда екеуі,
Көкөніс боп табылдым.
(Шал-қан)

Бір топ қаз ұшып барады:
біреуі алдында, екеуі артында; біреуі артында, екеуі алдында; біреуі екеуінің ортасында және үшеуі бір қатарда.
Қанша қаз ұшып барады?
1. Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын қай дыбыс?
2. Қазақтың алғашқы ғарышкері кім?
3. Күз мезгілі неше кезеңнен тұрады?
4. Күз туралы мақал- мәтел білесіз бе?

3-кезең өнер сайысына кезек береміз.
Жемістер тобының орындауында ырғақты би.Қабыл алыңыздар.
Көкөністер тобының орындауында «Ертегілер елінде» әні. Қабыл алыңыздар.
4-кезең. Ертегілер елінде
көрініс көрсету сайысы.
Жемістер тобы « Ақылды күшік» көрініс
Көкөністер тобы «Көкөністер таласы» көрініс
Ертең қыздар бойжетеміз,
Ұлдар болса, ержетеді
Сіздерге арнап , күзгі
Сән үлгісін көрсетеміз

5-кезең. Әдемі киіне білу де – өнер
Сән үлгісін көрсету
6-кезең
Біз еңбекқор баламыз
Үй тапсырмасы
Сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі.
Бағалау парағы
Тақырыбы: «Алтын күз»
№ Топтың аты таныстыру Білім сайысы Өнер сайысы көрініс Сән үлгісі
Қол еңбегі Жалпы бал
1

2


Қатысқан_______________________________________________
Категория: Мои статьи | Добавил: tengebaeva77 (15.11.2016) | Автор: Тенгебаева Гулжан Жайлауовна E
Просмотров: 720 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Лозинский Д.Б. © 2024
Конструктор сайтов - uCoz