Поделись с друзьями
Сайт учителя информатики
Лозинского Дмитрия Болеславовича
Среда, 27.11.2024, 03:21
Сайттың тараулары/
Меню сайта
Тараудың санаттары/
Категории раздела
Мои статьи [35]
E-mail:
Пароль:
Іздеу/Поиск
Форма входа
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Статьи » Мои статьи

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 20 ЖЫЛ
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 20 ЖЫЛ» І. Алғы сөз (кіріспе)
МИЛЕНА: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата – аналар, Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі «Өнерлі өрге жүзеді» атты іс – шарамызға қош келдіңіздер! Сіздерге дендеріңізге саулық, береке – бірлік пен байлық тілей отырып бүгінгі іс - шарамызды Қаз дауысты Қазыбек бидің мынадай сөздерімен бастауға рұқсат етіңізер.
МУНИРА:Біз қазақ мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Басымыздан құт – береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Достықты сақтай білген елміз,
Дәм – тұзды ақтай білген елміз.
Деп осылай тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған Қаз дауысты Қазыбек би болатын.Құрметті оқушылар бүгінгі іс – шарамыз «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 20 ЖЫЛ» толу мерекесіне арналып отыр.

МУНИРА: Қазақ биі. Орындайтын Селезнева Милена.

МУНИРА: Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.

МИЛЕНА: «ДОСТАРЫМ» әні орындайтын Жанболат Айназ

МИЛЕНА: Қазақстанда барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің өз тілдерін, мәдениеттері мен діндерін сақтап, дамытуына толыққанды жағдай жасалған. Ұлтаралық келісім ісінің базалық институты ретінде құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясы мемлекет бас-шының тікелей бастамасымен 1995-жылдың 1-наурызында пайда болды.
МУНИРА: 2008-жылдың 20-қазанында Президент Қазақстан Республикасының «Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойды. Ол Қазақстанның саяси жүйесіндегі Ассамблеяның рөлі мен міндеттерін нақтылап берді. Ассамблеяның ең басты мақсаты – мемлекеттік ұлттық саясатты дайындап жүзеге асыруда Елбасына тірек болу.
МИЛЕНА: Шығыс биі.Орындайтын Ситникова Виктория
МИЛЕНА: Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылған күннен бастап оған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі төрағалық етеді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясын шақырып, оның хатшылығын құра алады.
МУНИРА: Ән орындайтын Галаева Элита
МУНИРА : Латина биі. Орындайтын 5 сынып оқушылары.
МУНИРА: - Ассамблеяның мақсаты мен мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiрудi қамтамасыз ету; Қазақстан халқының ұлттық мәдениетiн, тiлдерi мен дәстүрлерiн өркендету, сақтау және дамыту секілді міндеттер жүктелген.Қазақстан Халқы Ассамблеясының жоғарғы органы оның Кеңесі болып саналады. Ол конституциялық квота бойынша Парламенттің төменгі Палатасы – Мәжіліске өзінің 9 өкілін депутат ретінде сайлай алады.
МУНИРА: ән Селезнева Милена
МИЛЕНА:шет елдердегi қазақ диаспорасына ана тiлiн, мәдениетi мен ұлттық дәстүрлерiн сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерiнде қолдау көрсету;
Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен құрып, тікелей өзі басқарып отырған Ассамблея Қазақстан халқының әрқилылық арқылы тұтастыққа ұмтылған этномәдени қауымдастығының үнін ешбір жалғаусыз, делдалсыз тікелей президентке жеткізетін шынайы халық билігінің органы.
МУНИРА: Би орындайтын Сатяева Амина
0
МИЛЕНА:Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы «Қазақстан-2050: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбымен ашылды.
МИЛЕНА: Қара жорға биі орындайтын Федосова София, Самойлов Ян
МУНИРА:.Мемлекет басшысының пайымынша, XXI ғасырдың ең басты заңы татулық. Татулық пенен тыныштық арқылы экономика өсіп, халықтың әл-ауқаты күшейеді, бейбітшілік орнайды.«Келісім — экономика мен саясаттың қауіпсіздігіндегі өмірдің заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Келісім мәдениеті мәңгілік болуы керек», — деді Елбасы.Сондай-ақ, сессия қорытындысында жиынға қатысушылардың Қазақстан халқына үндеуі қабылданады деп күтілуде.
МУНИРА: Лезгинка орындайтын Селезнева Милена Мусаев Батрудин
МУНИРА:Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып – тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.

МИЛЕНА: Елімізде бақ – береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
МУНИРА:Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп бүгінгі қазақ тілінің онкүндігін осымен аяқтаймыз. Еліміздің Егемендігі жасай берсін!
Категория: Мои статьи | Добавил: muni (08.01.2016) | Автор: Рахимбаева Мунира Сеитжановна E
Просмотров: 721 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Лозинский Д.Б. © 2024
Конструктор сайтов - uCoz