Поделись с друзьями
Сайт учителя информатики
Лозинского Дмитрия Болеславовича
Среда, 27.11.2024, 02:35
Сайттың тараулары/
Меню сайта
Тараудың санаттары/
Категории раздела
Мои статьи [35]
E-mail:
Пароль:
Іздеу/Поиск
Форма входа
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Статьи » Мои статьи

Интегрированное внеклассное мероприятие.
Кіріктірілген сыныптан тыс сабақ.

Тақырыбы: « Әдебиет пен тарихтағы қазақ хандары»


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы пәндеріне
деген қызығушылықтарын дамытуға жағдай жасау және
ҰБТ – ға дайындау.

Міндеттері:

1. Өткен тақырыптарды қайталау.
2. Оқушылардың сөздік қорын дамыту.
3. Қазақ әдебиеті мен Қазақ тарихы пәндерінен білімдерін кеңейту.
4. ҰБТ – ға дайындау.
5. Оқушыларды Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Қөрнекіліктері: интербелсенді тақта, слайдтар, тапсырмалар,
кітаптар көрмесі.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы

I. Сабақтың бастауы:

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін назарларыңызды интерактивті тақтаға аударыңыздар.
Ребята, чтобы определить тему занятия просмотрите видеоролик.
А) Бейнеролик. (Видеоролик)
Б) Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа арналған деп ойлайсыздар?
(Қазақ хандығының құрылғанына-550 жыл)
Дұрыс.
Сөйтіп,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Әдебиет пен тарихтағы қазақ қазақ хандары»

Енді жүргізушілерге сөз берейік.


II .Негізгі бөлім:
1-жүргізуші: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл және жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына - 100 жыл.

2 - жүргізуші: Большой вклад в образование Казахского ханства внесли султаны Керей и Жанибек именно они откочевали из ханства Абулхаира в середине 15 века.

1 - жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
Антон
Жәңібек, Керей сұлтандарым бастаған
Ата-бабам азаттықты аңсаған.
Бөлініп шығып Әбілқайыр елінен
Дербес елдің құрылуына жол ашқан

Малика
Көшіп барып Моғолстан еліне
Қоңыс теуіп Шу өңірі жерінде
Қиындықтың бәріне де мойымай
Туын тікті ҚОЗЫБАСЫ торінде

Алексей
Мұхаммед Хайдар Дулати бабам
Тарихи Рашиди атты еңбегінде ол жазған
XV ғасырдың орта шенінде
Міне, осылай Қазақ хандығы құрылған
Даша

Әбілхайыр, Моғолстан, Ноғай Орда, Батыс Сібір хандығы
Бөлшектенген төрт хандыққа халқымды
Сұлтандарым дұрыс саясат ұстанып
Барлығын да бір Ту астына жинады
1 - жүргізуші: Қасымхан,Хақназар,Тәуекел, Есім, Жәңгір хандардың есімдерімен қазақ хандық тарихының даңқы шыққан.

2 - жүргізуші: История Казахского ханства славится именами ханов Касыма, Хакназара, Тауекеля, Есима, Жангира.
Алена
Қазақ жұрты Қасым ханның тұсында
Күшейді ғой аны жетіп миллионға
Ең алғашқы заң жинағы құрастырып
Танытты ғой бізді Батыс Еуропаға

Костя
Қазақтар мен қырғыздардың патшасы
Хақназарым Қасым ханның баласы
Қиын- қыстау талай күндер өткеріп
Біріктірді бытыраған хандықты
Альбина

Келді міне, Тәуекел хан кезені
Сыр өңірі калаларын бағындырған ер еді
Қарым-қатынас орнатып Ресей елімен
Дана саясаткер қырынан да белгілі
Мади

Қазағымды басқарғанда Еңсегей бойлы Ер Есім
Мемлекетті көркейтуге қабылдады батыл-батыл сан шешім
«Есім ханның ескі жолы» заң жинағын шығарып,
Баса білді Қатаған мен Тұрсын ханның бүлігін
Анжелика

Жүрек жұтқан хан Жәңгірдей қолбасшы
Қазағымда сол шақтары болмады
600 қолмен қарсы тұрып 50 мың жоңғар қолына
Ерлігі үшін халқы оны «Салқам Жәңгір» атады
1 - жүргізуші:
«Қазақтың алтын ғасыры» - бұл елді-елдікке, ынтымаққа, бірлікке бастайтын және сол жолда жанын сала күрескен ерлерді туғызған заман.
Өз заманындағы Тәуке хан сондай ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады.
Карина

Бізге тыныш «Алтын ғасыр» заманды
Ақылгөй басшы Әз –Тәуке хан орнатты
Төле, Қазыбек, Әйтекемен бірігіп
«Жеті жарғы», жаңа заң жүйесің шығарды
2 - жүргізуші: Еще при жизни был причислен к лику святых хан Абылай

Малика

Абылай хан саясатты құбылмалы
Жоңғар, Қытай, Ресей, үш алыпты.
Олардың бірін шауып бірін арбап,
Елінің бостандығы, еркіндігі, ойға алғаны

2 - жүргізуші: Летописью истории казахских ханов можно назвать произведения Ильяса Есенберлина «Кочевники»

1-жүргзуші
«Көшпенділер» - көне қазақ елінің үлкен шындығын суреттейтін шығарма. . «Көшпенділер» – ұлтымыздың ұлы қазынасы.. «Көшпенділер» трилогиясы - бүгінгі және кешегі күннің үздік туындысы.
1-оқушы
1) “Алмас қылыш” романында ХУ –ХУІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясының басым суреттелуі
2-оқушы

2) “Жанталас” романында ХУІІ –ХУІІІ ғасырларды Қазақстанның шетел басқыншыларымен күрес және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы,Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңіліс суреттері

3-оқушы
3) “Қаһар” романында ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары хан бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай – күйі баяндалады. “Қаһарда” қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы. Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуге талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей күш қолданатын істерге баруы баян етіледі

1 – жүргізуші:
Ал, енді, сіздердің назарларыңызға Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан шағын көріністі ұсынамыз.
( фрагмент из инсценировки по роману И.Есенберлина «Кочевники»).

1 – жүргізуші:

III. келесі кезең: «Брейн-ринг» ойыны. Ойынға 2- топ қатысады.

2 - жүргізуші: Игра Брэйн-ринг
Вашему вниманию будут представлены вопросы по истории казахских ханов, чаще всего встречающиеся на ЕНТ по истории Казахстан и казахскому языку.

Правила игры: Играют две команды между собой.
* Побеждает команда с большим числом верных ответов.
* В персональном зачете подсчитывается число верных ответов у каждого игрока.
* Не звонить до тех пор, пока весь вопрос не прозвучит полностью.

1 - жүргізуші: Ал, енді кәртішке арқылы екі топқа бөлінеміз.

2 - жүргізуші: Для этого вы выбираете карточку с именами. Выбрали? Теперь попрошу ханов сесть за этот стол. А батыров за этот. Итак начинаем.

IV Қорытынды.

Рефлексия

Выберите 1 фразу для соседа по парте:
Ты молодец. Жарайсың!
Я доволен твоей работой на уроке. Мен бүгінгі сабақтағы сенің жұмысына ризамын.
Ты мог бы поработать лучше. Сен әлі де жақсы жұмыс істей аласың.
Категория: Мои статьи | Добавил: zhannabukibaeva (20.01.2016) | Автор: Букибаева Жумабике E
Просмотров: 658 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright Лозинский Д.Б. © 2024
Конструктор сайтов - uCoz