Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың модуль бойынша алған лексикалық және грамматикалық білімдеріне қорытынды жасау. Отбасы, татулық, адалдық тақырыбы бойынша білімдерін тексеру. Тәрбиелілігі: Халқымыздың отбасылық сыйластығын, танымын, кешірімділігін үйренуге, білуге тәрбиелеу. Дамытушылығы: Оқушы білімін анықтау, саралау,толықтыру. Әр түрлі тапсырмалар арқылы талдау, сөйлеу, ойлау дағдысын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары, семантикалық карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Нәтиже сабақты орындауға дайындық. 3.1. Топқа бөлу. Оқушыларға «нағашы, жиен, құдалар» атты атаулар беріледі 4 оқушыдан бір топ құрастырылып, үш топқа жайғасады. 3.2.Қызығушылықты ояту. «Киелі отбасы» пирамидасын құрастыру.
Пирамиданың қырларын ата-ана, бауыр, ағайын, туған-туыстарға деген жылы лебіздермен толтыру. Тақтада қорғау.
3.3. Мағынаны тану. Топтық жұмыс. «Нағашылар» : «Байғазы, көрімдік» сөздерінен сөйлем құрастырып, аударып, толық синтаксистік талдау жасайды. «Жиендер» : «Базарлық, сүйінші» сөздерінен сөйлем құрастырып, аударып, толық морфологиялық талдау жасайды. «Құдалар» : «Тоқымқағар, сарқыт» сөздерінен сөйлем құрастырып, аударып, толық сөз таптарына талдау жасайды. «Жақсылық» топтастыруын жасау.
3.4.
3.5. Мәтіндік тестті орындау. Шапшаңдылық бағаланады. 1. Биыл Абайдың жасы ........... толған. 2. Е-е.......... 3. Бірде Абай сырқаттанып жатып, .......... 4. Бөлек бір ...... тапты. 5. ........... әуелде көп-көп ертегілер айтқан. 6. Абай ......................... тыңдайтын. 7. ............................., үйден көп шықпайтын. 8. ................... аралық кейіпте. 9. ................. .................... әңгімеші екен. 10. ..........................., ......................., шешесіне жабысатын.
3.6. «Дастарқан басында» орындалатын Алтын ережелерді ойлап табу. 3.7. Оқушыларға тест тапсырмалары беріледі, жауап сөзді ағылшын тіліне аудару қажет. 3.8. Сабақты қорыту, рефлексия. 3.9. Бағалау.