Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Уақыты: Қазақ тілі Мұғалім:Муканова К.С. Сынып:8 Сабақ тақырыбы: Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары Жалпы мақсат: а) Білімділік: Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту. ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру. б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру. Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі Үлестірме материалдары Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.
Шарлар арқылы топтарға бөлу. Қызығушылықты ояту «Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді. Талдау,жинақтау,қорыту
Жаңа тақырып Жаңа сабақты түсіндіру: Құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралады.Атқаратын қоғамдық қызмет жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір:екеуі де ойды (бірі – жалаң ойды,екіншісі – күрделі ойды) білдіреді,ойды жарыққа шығарады,оны басқаларға білдіреді,сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара түсінісу қызметін атқарады.Сөйлемнің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында болады. Құрамы жағынан алғанда,жай сөйлем жеке сөздерден құралады.Бұл – жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен мағыналық өзгешелігі – жай сөйлемнің жеке бір ойды білдіріп,құрмаластың күрделі ойды білдіруінде. Жай сөйлемдер: Зұлқия келген жұмысын баяндап отыр.Оның алдында бірнеше хаттар жатыр. Құрмалас сөйлем: Басқарма мәжілісінен шығып,мамыт пәтеріне қарай беттеп келе жатты. Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып,күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз. Құрмалас сөйлемнің құрылысына қарай 3 түрі бар: салалас құрмалас сөйлем,сабақтас құрмалас сөйлем және аралас құрмалас сөйлем.Олардың ерекшеліктері төмендегідей: түрі ереже Салалас құрмалас сөйлем Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып,өзара тең дәрежеде (салаласа) байланысады. Сабақтас құрмалас сөйлем Жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып,екінші сөйлемге бағына (сабақтаса) байланысады. Аралас құрмалас сөйлем Кемінде үш сөйлемнен құралып,бір-бірімен салаласа да,сабақтаса да байланысады. Жаттығумен жұмыс: 93-жаттығу. Берілген сөйлемдерден қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар.
Шығармашылық жұмыс Топтарға тапсырмалар. Суреттерге қарап құрмалас сөйлем құрастырып жазыңдар.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды Үйге тапсырмасын беру 94-жаттығу. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу Бағалау Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »