Шәкәрім Құдайбердіұлы "Қалқаман-Мамыр" поэмасын талдау
Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр» поэмасын талдау. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:Шәкәрім шығармашылығымен таныстыру.Поэманың мазмұны негізінде Қалқаман-Мамыр бейнесін ашу.Қалқаман,Көкенай әрекетіне екі түрлі баға беру.Поэманы талдау. Мәтінге сүйене отырып нақты дәлелдер арқылы түсіндіру. 2. Дамытушылық: Поэманың композициялық сюжетін дамуын жанарлық сипатын, көркемдігін талдауды сұрақ - тапсырмалар ұсыну арқылы оқушыларды топтық және өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Ойын жүйелі хабарлай білуіне жіті көңіл бөлу. 3. Тәрбиелік:Ұлтымыздың ұлы адамдарының еліне еткен еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу , ақынның әндері өлеңдері арқылы өнерді түсінуге, сүйсінуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: бекіту сабағы Сабақтың түрі: ашық сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс,пікірталас,сұрақ-жауап,мазмұндау, топтық жұмыс, жекелей жұмыс,талдау, топтастыру стратегиясы. Пәнаралық байланыс: тарих Көрнекіліктер: ақын портреті,тақта,интерактивтік тақта,слайд,кітап Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі . Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, топқа бөлу,өткен сабақта берілген материалдарды сұрау, бекіту. Сабақтың жоспары. 2.Үй тапсырмасын тексеру. Ұлы Абайдың ізбасар інісі. 3. «Қалқаман - Мамыр» тарихи хикая ( мазмұндау, талдау, жинақтау). а) Шығарманың композициялық құрылыммен танысу ә) Шығармаға аннотациялық талдау жасау. б) Шығармадағы басты кейіпкерлерге мінездеме беру в) әдеби - теориялық ұғымдармен жұмыс жүргізу. г) дебат
І- кезең. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 1. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы Шәкәрім туралы өздігінен оқып келген білімдерін тексеру Сұрақ: Балалар, қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын атанған Шәкәрім туралы кім не біледі? Жауап: Шәкәрім 1858 жылы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Ол Абайдың ағасы Құдайбердінің баласы. Әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады . Жетім қалған Шәкәрімді ағасы Абай тәрбиелеп өсіреді. Мұғалім: Дұрыс. Шәкәрімнің өмір дерегі туралы тағы кім толықтырады? Жауабы: Шәкәрім жеті жасқа келгенде әкесі Құдайберді қайтыс болады. Әке өліміне ол қатты қайғырады. Өзінің тұңғыш өлеңін осы әкесі қайтыс болғанда шығарады. Мұғалім: Өте дұрыс айттың. Белгілі ғалым Қайым Мұхамедхановтың сөзімен айтсақ: Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Бұл пікір Шәкәрімдей дарынға халық тарапынан берілген әділ баға. Абай да дананың ақындық дәстүрін заңды түрде жемісті жалғастырған ол өзі өмір сүрген күрделі кезеңнің ащы шындығын өз туындыларында тап басып суреттей білді. Сол шығарманың бірі өздеріңнің мазмұнымен танысып келіп отырған Қалмақан –Мамыр дастаны. Мұғалім: Балалар, үйде мазмұнымен танысып келіңдер. Енді жырдағы басты оқиғаларға назар аударып, мазмұндап көрейік. Жауап: Бұл поэманы ақын тарихи хикая деп атаған. Өйткені дастанның оқиғасы ақтабан шұбырынды заманында өтеді. Поэманың алғашқы шумақтарында Әнет баба, Мәмбетей, Қалқаман, Мамыр есімдері аталып таныстырылады. Мұғалім: Әнет баба, Мәмбетейлерді ақын кім деп таныстырады, олардың Қалқаман мен Мамырға қандай туысқандық қатысы бар Жауабы: « Әнет баба арғынның ел ағасы, әрі би, әрі молда, ғұламасы. Орта жүзге әділ екен, сол кезде тоқсан беске келген жасы» деп Әнет бабаны таныстырады. Ал Мәмбетей мен Кішік ағайынды бірге туған адамдар, Кішіктен Әнет, Әйтеке тарайды. Ал Мәмбетейден Мамырдың әкесі туады. Әйтекеден Олжай, Байбөрі, Қалқаман туады. Сонда Қалқаман мен Мамырдың әкелері немере ағайынды кісілер. Мұғалім: Өте жақсы түсінгенсің. Ал енді дастанда Мамыр бейнесі қалай суреттеледі? Жауап: Мамыр Мәметейден тараған байдың қызы. Өзі өте сұлу әрі ақылды. Әкесі оны еркелетіп өсірді. Қыз киімін кимей, өзін ер баламын деп есептеп жүреді. Байдың Мамырдың басқа баласы жоқ. Сондықтан ел байдың көңіліне қарап,оны қыз деп айта алмай жүреді. Құда түсуге ел бата алмайды. Қалқаман да сол көптің бірі. Бір күні екеуі жылқы бағып жүріп кездеседі. Осы кезде бірін бірі қатты ұнатып қалады. Мұғалім: Жыр желісі бойынша осы екі жасты жақындастыратын бір тосын оқиға болады. Кім айтады екен? Жауап: Дастанда Сәмеке деген хан қалмақты жеңіп, той жасайды. Сол тойға Тобықты елі тегіс шақырылады. Оңаша қалған жастар бастаңғы жасайды. Мұғалім: Бастаңғы деген не?Жауап: Бұл қазақ халқының бір салт дәстүрі. Үйдегі үлкендер бір жаққа кеткенде, үйдегі жастар бас қосады. Мұғалім: Ал, балалар жыр өзегі өздеріңе таныс. Енді жыр желісі бойынша мынадай топтық, жұптық, жұмыстар жүргіземіз. Бұл үшін сыныптағы оқушылар қабілеті бойынша екі топқа бөлінеді. Поэма 1882 жылы жазылған. 1912 жылы Семейдегі Жәрдем баспасында жарық көрген. Оқиға болған жер – Сыр өңірі. 1722 жылы қазақтың Ақтабан шұбырынды қарсаңындағы қилы кезең суреттеледі. Поэма жанры – эпикалық-ғашықтық дастан. Тақырыбы екі жастың махаббат драмасына құрылған. Идеясы – қоғамның әділетсіздігіне, ел билеушілердің озбырлығына қарсылық. І- топ.а) Шығарманың композициялық құрылысына талдау.Екі оқушы жұптасып орындайды. Бірі мәтін бойынша, екіншісі теориядан жауап береді. І- жауап: Басталуы. Жауап: Көркем шығармада баяндалатын оқиғаның басталуын шығарманың басталуы дейміз. 2-жауап:Байланысы. Қалқаман мен мамырдың бір-бірін ұнатуы, бастаңғы жасауы, сөз байласуы. Көркем шығармада оқиғалардың бір-бірімен сабақтасып отыруын байланыс дейміз. 3-жауап: Шығарманың дамуы. Мамырдың біреуге айттырылуы. Шығармадағы оқиғалардың қалыңдап, шиелінісе түсуін шығарманың дамуы дейміз. 4- жауап: Шығарманың шарықтау шегі. Екі жастың серттесіп қалуы, Мәмбетелейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы. Көркем шығармаларда оқиғалардың шарықтау шегіне жетуін шығарманың шарықтау шегі дейміз. 5-жауап: Шығарманың аяқталуы. Мамырдың аянышты өлімі, Қалқаманның елден кетуі. Көркем шығармада оқиғалардың бір шешімге келуін оқиғаның шешімі дейміз. 6- жауап: Шығарманың композициясы дегеніміз не. Жауап: Көркем шығармада оқиғаның басталуын, олардың байланысын, шарықтау шегін шығарманың композициялық құбылыс дейміз. 2-топ. ә) Шығармаға аннотациялық талдау. 1-бөлім. Бөлімнің аты Кейіпкерлердің тағдыры Шығарманың көркемдік әдісі Кездесу Бастаңғы Тосын жағдай Батыл шешім Қатыгездік Қалқаман мен Мамыр бірін-бірі алғаш көргеннен-ақ ұнатып қалады. Мамырдың туыстары тойға кетіп, жастар бастаңқы жасайды. Мамыр Қалқаманға өзінің біреуге атастырылғанын жеткізді. Бірін-бірі ұнатқан екі жас қол ұстасып қашып кетеді. Көкенай төркіндеп келген Мамырды атып өлтіреді. б) Шығармадағы басты кейіпкерлерге мінездеме беру в) әдеби - теориялық ұғымдармен жұмыс жүргізу. Баяндау Суреттеу Диалог Портрет Баяндау, диалог. Сұрақ: Баяндау деген не? Жауап: Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеуді баяндау дейміз. Сұрақ: Суреттеу деген не? Жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиғаның болған жерімен, оқиғаға қатысушы кейіпкерлермен, олардың жеке басына тән ерекшеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстырады. Мұны суреттеу дейміз. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс өлең құрлысын талдау. (Жырдың алғашқы шумағы) Өткен іс ойға күңгірт көзге танық,-----------------11 а Көрмесе де білгенге бәрі қанық.-------------------11 а Мың жеті жүз жиырма екінші жыл,---------------11 б Қазақтың сыр бойында жүргені анық.-----------11а (Жырдың соңғы шумағы) Хан Шыңғыс деген тауда тұрмыз бізде,---------11 а Егерде іздесеңдер сонан ізде.----------------------11 а Тобықты да Құнанбай қажы десе,-----------------11 б Басты кісі біледі Орта жүзде.------------------------11 а Сұрақ: Портрет деген не?Жауап: Көркем шығармада кейіпкердің сырт тұлғасын, бет әлпетін суреттеуді портрет дейміз. Жауап: Көркем шығармада кейіпкерлердің кездесіп сөйлесуін диалог дейміз. Сергіту сәті 2-кезең. г) дебат Мұғалім: Балалар, жырдың композициялық құбылысы бойынша өте сәтті жұмыс жасадыңдар. Сендерге көп рақмет. Енді кейіпкерлер тағдырына терең үңілейікші. Басты кейіпкерлер туралы өз пікірімізді ашық айтып мынадай сұрақтар бойынша пікірталас ұйымдастырайық. 1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па? бұрыс па? Жақтаушы топ. Жауап: Иә, мен Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс деймін. Олар – адал махаббат иелері. Бірін-бірі қатты сүйеді. Мамыр өлер алдында да өзінің Қалқаманға деген махаббатын дәлелдеп кетті. Өзі өлсе де Қалқаманның тірі қалуын армандады, бақыт тіледі. Сондықтан мен екеуінің қосылғанын дұрыс деп ойлаймын. Даттаушы топ: Жоқ, бұл пікірге қосыла алмаймын. Олар бірін –бірі ұнатса да, сезімді ақылға жеңдіру керек еді. Өйткені, олар біріншіден, ата салтын бұзды. Ол кезде ата салтын орындамай, бата бұзған адамды жазалаған. Екіншіден, олар өзара ағайынды, туыс адамның балалары. Сондықтан олар қазақта жеті атаға қыз алмау деген қағиданы, заңды бұзды. Сондықтан ата - дәстүрін бұзып отырған екеуін айыптаймын. Дәйектеме: Қалқаман мен Мамырды қосылуы дұрыс емес, Өйткені олар өзара туыстас адамдар. 2. Көкенай әрекетін қалай бағалайсыңдар? Жырда Көкенай батыр деп суреттеледі, оның батырлық әрекеті жырда көріне ме? Жақтаушы топ: Ерте кезде кінәлі адамдардың айтпайтын арнауы заң орындары болған. Жазасын өтеу үшін жататын түрмелер де болмаған. Сондықтан ел билеуші адамдар, яғни әр рудың Әнет, Қалқаман сияқты көсемдері далалық сот жасап, өздерінше үкім шығарып отырған. Көкенай - өз заманының салт-дәстүрін берік ұстаған адам. Сондықтан оның Мамырды, Қалқаманды жазалауы дұрыс деп ойлаймын. Көкенайдың әрекетін тағы басқа рулас адамдар тегіс жақтады. Мысалы жырда мынадай өлең жолдары бар. Тобықты осы сөзге қақ бөлініп, Болысты Мәмбетейге Қанжығалы. Сондықтан Көкенай Мамырды жазаламаса, келешекте тағы туысқан адамдар қосылып қоюы мүмкін еді. Сондықтан болашақта жастарға сабақ болсын деп осындай қатыгездікке барды деп ойлаймын. Дәйектеме: Көкенайдың әрекеті дұрыс. Даттаушы топ. Көкенай - өз заманының қатыгез адамы. Ол екі жастың арасындағы тікенек сияқты. Бірін- бірі ұнатқан екі жастың обалына қалды. Мамыр да, Қалқаман да өлім жазасына кесетіндей ештеңе бүлдірген жоқ. Олар – адал махаббат иелері. Оған дәлел Қалқаманның мына сөзі: Мамыр –ау , атып тұрсын әлденені, Шариғат қосады екен немерені. Қайғы ойлап жаман ырым айта берме, Алаңсыз сүйген болсаң анық мені. Осылай бірін-біріне үздікке екі ғашықты айырған Көкенай әрекетін мен айыппаймын. Көкенай-ескі салт-сананың адамы, ол оқымаған қараңғы адам. Жауап:Мамыр айтты:Мен сенсіз тірі тұрман, Үш қайырдым сөзіңді мен антұрған, Бір құдайға сыйынып ал да жөнел, Жолында өлсем разымын, жаным құрбан,- деп Қалқаманға деген жүрегінің ыстық ықласын білдірген адал махаббат иесі. Жауап: Жырда Көкенай батыр деп талады. Бірақ оның батырлығы ешқандай эпизодта жоқ. Мылтықсыз, қарусыз қыз, жігітті өлтіру - батырлық емес. Ол барып тұрған қорқақтық. Адал, ұлы махаббаттан қорыққан деп түсінемін. 3. Қалқаманның ел ортасынан кеткені дұрыс па? Теріс пе ? Жауап: Қалқаман қазақ халқының сол кездегі салт-дәстүрді бұзды. Біріншіден, Мамырдың атастырылып қойған жерінің батасын бұзды. Екіншіден, өзімен жақын туысқан адамның қызын алды. Сондықтан ел бірлігі бұзылды, дау - жалдан көбейді. Осы себептен Қалқаманның көзге күйік болмай, алысқа кеткені дұрыс. Жауап: Қалқаман өзін оққа байлап берген туысқандарын кешіре алмады. Елінде жүрген соң Мамырдың қайғысын да ұмыта алмады. Сондықтан ел ішінен кеткені дұрыс деймін. Даттаушы топ:Мен Қалқаманның елден кетуін қалаймын. Туыстары, Әнет баба ол үшін қатты қиналды. Оны өлім жазасына кескен - Мәмбетейлер. Сондықтан жекпе - жекте аман қалған соң, елінде қалуы керек еді. Жауап: Қалқаман елден безіп, өзінің күйректігін көрсетті. Оны елден ешкім қуған жоқ. Ол өкпелесе тек Көкенайға ғана өкпелеуі керек еді. Елде жүріп Көкенайға қарсы күш көсетуі керек еді. Мамырды шын жүрегімен сүйетінін дәлелдеп, оның есімін өтуі керек еді. Өзінің адал махаббат иесі екенін дәлелдеп, өзі үшін өліп кеткен Мамырға ұмытылмастай етіп ескерткіш мұнара орнатуы керек еді. Мысалы Айша бибіге ескерткіш орнатқан Қарахан батыр сияқты. Сондықтан оның елден кеткені дұрыс емес деп ойлаймын. Мұғалім : Иә,балалар әрқайсың өз пікірлеріңді дәлелдеп айтып шықтыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс, теріс деп кесіп айту қиын . Ол заман әйел затын қор еткен, бұғауда ұстап, малға сатқан заман, сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман Мамыр жүрек қалауын мақсат ете білген , адал махаббатқа жүгіндіре білген. Шәкәрімнің да мақсаты сол. Ол да өз заманының қатаң қағидасына наразы, қарсы. Ал, Көкенай бейнесіне келетін болсақ , өз заманының заңын бұлжытпай орындайтын, одан басқа білімі жоқ доңайбат ел ағасы. Шаш ал десе бас алатын қатал, қатыгез . Ежелден келе жатқан ата-баба дәстүрін бұзды деп жазықсыз Мамырды құрбандыққа шалды. Егер Көкенайдың ең құрмаса діни сауаты болса, адам қанын мойнына жүктемес еді, адам қанының салмағын білер еді. Ал Қалқаманның еліне өкпелеп кетуі дұрыс деп жатырмыз, ал шынайы махаббат тұрғысынан қарасақ, ел ішінде қалып Мамырдың басына ұмытылмастай ескерткіш нұр үстіне нұр болар еді-ау. Иә, балалар, әрқайсысың өз пікірлеріңді дәлелдеп айтып шықтыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс, теріс деп кесіп айту қиын. Ол заман әйел затын қор еткен, бұғауда ұстап, малға сатқан заман, сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман мен Мамыр жүрек қалауын мақсат ете білген, адал махаббатқа жүгіндіре білген. Шәкәрімнің де мақсаты сол. Ол да заманның қатаң қағидасына қарсы, наразы. Не десек те екі топтың да нақты жауаптарына мен ырзамын. Басты мақсат - Қалқаман - Мамыр оқиғасынан ғибрат алу . Сабақты қорытындылау . Сабақтан алар тәліміміз: « Ата салттан аттауға да болмас, Жүрек қалауын тастауға да болмас». Оқушылардың білімін бағалау . . Үй тапсырмасы. Шығарма «Егер мен Қалқаман болсам...»